Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 13-15 мамыр күндер аралығында оқушылардың экологиялық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында «ТАБИҒАТТЫ АЯЛА» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы қашықтық форматта өткізілді.
🌟Форумға белсене қатысқан оқушы облыс мерейін көтеріп, жүлделі орын иеленді.
🥇І орын – «Жасыл идея» бағыты бойынша Қарақия ауданы, №11 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Ибрахим Алия.
👏Оқушымызға шығармашылық шабыт, алда толағай табыс тілейміз!

