Маңғыстау облысының білім басқармасы және «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 23–25 ақпан күндері Жаңаөзен қаласы №18–21 жалпы білім беретін мектептердің спорт залдарында Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы волейболдан U-17 ұлдар, қыздар арасындағы облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы, Бейнеу ауданы және Қарақия аудандарынан 110-ға жуық ұлдар-қыздар оқушылары қатысты. Жарыс айналмалы жүйеде өтті 🏆
🏐 Жарыс қорытындысы бойынша:
U-17 ұлдар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥈 2 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы
🥉 3 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы иеленсе!
U-17 қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥈 2 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы
🥉 3 орын – Ақтау қаласы құрама командасы иеленді!!!
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамота, үздік номинация статуэткасы, диплом және кубокпен марапатталды 🏅🏆
Жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 💪✨

