Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруымен өткен Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гим-назиадасы аясындағы ұлттық спорт түрі — тоғызқұмалақтан ұлдар мен қыздар арасындағы республикалық жарыс 2026 жылғы 6–10 мамыр аралығында Шымкент қаласында жоғары деңгейде өтті.
Дүбірлі додаға Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында спортшылар өздерінің білімдерін, шеберліктерін және жоғары дайындықтарын көрсетті.
🏅 Командалық есеп қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының ұлдар және қыздар құрамасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды!
🌟 Чемпион команда мүшелері:
•Наурызбай Мирас — Жаңаөзен қаласы №18 мектеп оқушысы;
•Кенесбаев Мейрамбек — Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп оқушысы;
•Маратқызы Инабат — Ақтау қаласындағы Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектеп оқушысы;
•Сарсенбаева Қаламқас — Мұнайлы ауданы №8 мектеп оқушысы.
🎖️ Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота, диплом және кубоктармен марапатталды.
👏 Жас спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
🇰🇿 Маңғыстау облысының мерейін үстем еткен талантты оқушыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

