Маңғыстаулық оқушылар республикалық чемпионатта жеңімпаз атанды. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Маңғыстаулық оқушылар республикалық чемпионатта жеңімпаз атанды.

2026 жылғы 8–15 сәуір аралығында Астана қаласында Ұлттық мектеп лигасының футзалдан «Теңбіл доп» республикалық чемпионаты өтті. Чемпионат бірнеше кезеңнен тұрды: іріктеу, топтық және финалдық ойындар. Қатысушы командалар өз өңірлерінің намысын қорғап, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.9–11 сынып қыздары арасында өткен тартысты додаға еліміздің 15 өңірінен 200-ге жуық оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Аталған жарыста Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің қыздар командасы чемпион атанды.

«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ