📌 Жалпы білім беретін мектептердегі туризм, өлкетану, экология үйірмелеріне, мектеп музейлері мен жылыжай және жасыл клуб жұмыстарына зерделеу ұйымдастыру туралы білім басқармасының 06.02.2026ж № 28-нқ бұйрығы негізінде 10-20 ақпан күндері аралығында зерделеу жүргізілді.
🎯 Зерделеу жұмыстарының негізгі мақсаты – жалпы білім беретін мектептердегі туризм, өлкетану, экология бағытындағы үйірмелердің, мектеп музейлері мен жылыжайлардың жұмыс сапасын жандандыру, материалдық-техникалық базасын бағалау, тәрбие және білім беру үдерісіндегі тиімділігін анықтау.
🏛️ Мектеп музейлерінің қызметі білім алушылардың тарихи сана-сезімін қалыптастыруға, туған өлкенің мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған. Қазіргі таңда облыс бойынша 26 мектеп музейі, 30 жылыжай жұмыс жасайды. 🌱 Жылыжай жұмыстары бойынша бірқатар мектептерде тәжірибелік-эксперименттік бағытта көкөніс, гүл және көшет өсіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және еңбекке баулуға оң әсерін тигізуде.
🌿 Жүргізілген зерделеу нәтижесінде экологиялық бағыттағы «Жасыл клуб» жұмысының ұйымдастырылуына талдау жасалды. Нәтижесінде мектептерде «Жасыл клуб» қызметі мен үйірме жұмысы өзара шатастырылып, клубтық бірлестік үйірме ретінде ашылғаны анықталды.
✅ Осыған байланысты білім беру ұйымдарына «Жасыл клуб» пен үйірме қызметінің айырмашылығын нақты айқындап, құжаттамаларды жадынамаға сәйкес қайта рәсімдеу, жұмыс жоспарын тиісті бағытқа сәйкестендіру және есептік мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілді.

