Ұлттық мектеп лигасы: «Былғары доп» облыстық кезеңі. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасы: «Былғары доп» облыстық кезеңі.

Жаналықтар

Ұлттық мектеп лигасы: «Былғары доп» облыстық кезеңі өтті. 2026 жылдың 04-06 мамыр күндері аралығында Ақтау қаласындағы Nº32 жалпы білім беретін мектептің жасыл алаңында футболдан «Былғары доп» 5-6 сынып ұлдар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа Ақтау және Жаңаөзен калалары мен Мұнайлы, Қарақия Түпқараған, Бейнеу аудандарынан 80-ге жуық жас спортшы ұлдар қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Тартысқа толы бәсеке қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — Ақтау қаласы, Nº35 мектеп;
🥈 ІІ орын — Бейнеу ауданы, мектеп — гимназиясы;
🥉 ІІІ орын — Қарақия ауданы, мектеп-гимназиясы.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, грамоталар жене дипломдармен марапатталды.Сонымен қатар «үздік ойыншы», «үздік қақпақшы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы»,«үздік сүрмерген» «жеңіске деген жігері үшін» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. Футболдан «Былғары доп» 5-6 сынып ұлдар жарысының, жеңімпаздарына алдағы республикалық жарыстарына сәттілік тілейміз!
#маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ