📌2026 жылдың 9 сәуір күні Ақтау қаласы «Оқушылар сарайы» базасында жас экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық «Каспий толқыны — 2026» байқауы өткізілді!
🎯 Байқаудың мақсаты – білім алушыларды Каспий теңізінің өзекті экологиялық мәселелерімен таныстыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілігін арттыру.
Байқауға облыстың әр аудан, қаласынан 14–15 жас аралығындағы 35 білім алушы қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен экологиялық білімдерін көрсетті 🌿
🏔️ Байқау барысында қатысушылар «Каспий достық теңізі» сурет, «Eco-Fashion» сән көрмесі және «Каспий теңізінің бүгіні мен ертеңі» макет номинациялары бойынша бақ сынады. Қатысушылардың жұмыстарының мазмұны, креативтілігі мен эстетикалық деңгейі бағаланды ✅
🏆 Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
🎨«Каспий достық теңізі» сурет номинациясы:
🥇І орын — Қарақия ауданы, ЖББМГ білім алушысы Кусаинова Сабина
🥈ІІ орын — Ақтау қаласы, Ф. Оңғарсынова ат. №29 м/г білім алушысы Нұржан Райымбек және Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицей білім алушысы Сарыбаева Гаухар
🥉ІІІ орын — Түпқараған ауданы, Е.Өмірбаев ат. ЖББМ білім алушысы Джұмағұл Ақбота, Жаңаөзен қаласы, №25 ЖББМ білім алушысы Серік Ақдидар және Маңғыстау ауданы, №7 мектеп-лицей білім алушысы Өтелген Гүлназ.
🪷«Eco-Fashion» сән көрмесі номинациясы:
🥇І орын — Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейі
🥈ІІ орын — Ақтау қаласы, Ф.Оңғарсынова ат. №29 м/г және Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейі
🥉ІІІ орын — Қарақия ауданы, №4 ЖББМ, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясы және Бейнеу ауданы, Алтынсарин ЖББМ.
🌅«Каспий теңізінің бүгіні мен ертеңі» макет номинациясы:
🥇І орын — Мұнайлы ауданы, №7 ЖББМ білім алушысы Жақсыбек Нұртілеусұлу
🥈ІІ орын — Жаңаөзен қаласы, №19 ЖББМ білім алушысы Нұрғалын Ақмарал және Қарақия ауданы, З. Бекарыстанұлы ат. №3 ЖББМ білім алушысы Аманжол Нұрберген
🥉ІІІ орын — Ақтау қаласы, №6 ЖББМ білім алушысы Сергей Айзере, Маңғыстау ауданы, №7 мектеп-лицей білім алушысы Сережа Гаухар және Бейнеу ауданы, Алтынсарин ЖББМ білім алушысы Нұрдәулет Мөлдір.

