📢🏆 Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасының ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан (2011–2012 ж.т.) ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

📢🏆 Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасының ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан (2011–2012 ж.т.) ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы.

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 27-28 ақпан күндері Ақтау қаласы, IT мектеп-лицейінде Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасының ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан ұлдар, қыздар арасындағы облыстық кезеңі өтті. 🏫♟️

Жарысқа Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы, Бейнеу ауданынан құрама командалар қатысты. 🤝

🏅 Жарыс қорытындысы бойынша:

Тоғызқұмалақтан (2011-2012 ж.т) ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын — Ақтау қаласы құрама командасы.
🥈 2 орын — Жаңаөзен қаласы құрама командасы.
🥉 3 орын — Мұнайлы ауданы құрама командасы.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамота, үздік ойыншы номинация статуэткасы және дипломмен, кубокпен марапатталды. 🏆🎖️

Жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 🍀👏

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ