🌿🎥 2026 жылдың 13 наурыз күні
«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамаға» сәйкес «Әлеуметтік желі арқылы жасөспірімдер арасында экологиялық тәртіпті насихаттау» облыстық онлайн бейнероликтер байқауы өткізілді.
👩🎓👨🎓 Байқауға облыстың аудан, қалаларындағы жалпы білім беру ұйымдарының 14–16 жас аралығындағы білім алушыларынан құралған 5 топ қатысты.
🌱 Байқау жасөспірімдердің экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға, табиғатты қорғау мәдениетін насихаттауға, олардың шығармашылық және ақпараттық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ экологиялық мәселелерге бейжай қарамай, оларды шешуге белсенді қатысуға ынталандыруға бағытталды.
📱 Қатысушылар өздерінің экологиялық тақырыптағы бейнероликтерін Instagram әлеуметтік желісінде жариялап, жұмыстар мазмұнының өзектілігі, шығармашылығы, техникалық сапасы және әлеуметтік желіге бейімделуі бойынша бағаланды.
🏆 Қазылар алқасы шешімімен білім алушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
🥇 I орын – Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебінің «Көзқарас» тобы
🥈 II орын – Түпқараған ауданы, Шахта жалпы білім беретін мектебінің «Үш қиян сақшылары» тобы
🥈 II орын – Жаңаөзен қаласы, С. Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің «Сүгір жастары» тобы
🥉 III орын – Жаңаөзен қаласы, ЖБИЛ, «Жасыл болашақ» тобы
🥉 III орын – Маңғыстау ауданы, №7 мектеп лицейі, «Жайсаң» тобы
📜 Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.
🌍 Бұл шара жасөспірімдер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттауға ықпал етті.
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

