2026 жылғы 13 наурыз күні Облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы мен Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризмі орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарындағы экологиялық мәдениет» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
👥 Семинарға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А. Өрісбаев, Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А. Балманова, Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы А. Кумбаев қатысты.
🎯 Шараның негізгі мақсаты — колледж студенттері арасында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыра отырып, экологиялық білімді арттыру.
🌱 Семинарда спикерлер «Эко Маңғыстау» және «Жасыл кампус» жобалары, «Маңғыстау маржаны – Қаракөл көлі» экожүйесін қорғау, «Эколидер» волонтерлік клубы мен «Жасыл ел» бастамалары тақырыптарында ой қозғап, сөз сөйледі.
🤝 Семинарға 100-ге жуық қатысушы қатысып, өзекті эко-мәселелер бойынша тәжірибе алмасты. Барлық спикерлерге «Облыстық техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығы-ның» сертификаттар табысталды.
🌳 Сонымен қатар, семинар аясында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Жәңгірханұлы экологиялық бастаманы қолдау мақсатында көшет отырғызды. Игі дәстүрді жалғау мақсатында Yessenov University мен өңірдегі барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы челлендж жолдады.
#ТазаҚазақстан #ЭкологиялықМәдениет #Маңғыстау #ЖасылБастама #ЭкоБілім


