Қазақстан Республикасы Оқу—ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикаляқ дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасының дзюдодан U17, U15 ұлдар, қыздар арасындағы жарысы 2026 жылдың 28–31 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өтті.
Жарысқа Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Ұлытау, Жамбыл, Ақмола, Павлодар облыстарының және Астана, Алматы қаласының командалары болып, 200-ге жуық оқушы қатысты.
🥋 Дзюдо жарысында спортшылар U17, U15 жас ерекшеліктерінде ұлдар, қыздар арасында белдесті. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті.
🏅 Қыздар арасында:
57 кг салмақ дәрежесінде Ақтау қаласы 23 ЖББМ оқушысы Байсагенова Мөлдір жеңімпаз атанды.
40 кг салмақ дәрежесінде Ақтау қаласы 1 ЖББМ оқушысы Ермекбаева Альмира жеңімпаз болды.
36 кг салмақ дәрежесінде Ақтау қаласы 34 мектеп оқушысы Ходжамурат Аяжан 3 орын иеленді.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының U15 қыздар командасы ІІІ командалық орынды иеленді.
🎖 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, грамота және командалық диплом, кубок табысталды.

