📍Конференцияның екінші күні өз жалғасын тауып, мазмұнды секциялық отырыстармен және практикалық іс-шаралармен ерекшеленді.Секциялар барысында жасанды интеллект пен зияткерлік ойындардың білім беру жүйесіндегі рөлі, сондай-ақ ұлттық спорт ойындарының тәрбиелік және танымдық маңызы кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, «Бестемше» және «Тоғызқұмалақ» жарыстары екінші күні өткізіліп, қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🔹 Командалық Бестемше бойынша:
1-орын — Астана қаласы
2-орын — Маңғыстау облысы
3-орын — Шымкент қаласы
🔹 Командалық Тоғызқұмалақ бойынша:
1-орын — Маңғыстау облысы
2-орын — Түркістан облысы
3-орын — Қызылорда облысы
Конференция қорытындысы шығарылып, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Іс-шара соңында үздік қатысушылар мен жарыс жеңімпаздары марапатталып, арнайы дипломдар, сертификаттар және алғыс хаттар табысталды. Жарыстың жеңімпаз командалары қараша айында Түркия елінде өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды.

