📅 2026 жылдың 04–05 наурыз күндері
📍 Мұнайлы ауданы Ш. Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің спорт залдарында гандболдан «Ұшқыр доп» 5–6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
🏫 Жарыс Маңғыстау облысының білім басқармасы және «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен өткізілді.
👧 «Ұшқыр доп» 5–6 сынып қыздар арасындағы жарыстың қортындысы бойынша:
🥇 Мұнайлы ауданы Ш.Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ командасы – 1 орын
🥈 Жаңаөзен қаласы №7 ЖББМ командасы – 2 орын
⸻
👦 «Ұшқыр доп» 5–6 сынып ұлдар арасындағы жарыстың қортындысы бойынша:
🥇 Мұнайлы ауданы Ш.Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ командасы – 1 орын
🥈 Жаңаөзен қаласы №9 ЖББМ командасы – 2 орын
⸻
🏅 Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар грамоталармен және дипломмен марапатталды.
⭐ Сондай-ақ:
🏃♂️ «Үздік ойыншы»
🔥 «Үздік шабуылшы»
🧤 «Үздік қақпашы» номинацияларымен арнайы статуэткалармен марапатталды.
🇰🇿 Гандболдан «Ұшқыр доп» 5–6 сынып ұлдар-қыздар жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз!👏👏👏

