ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 30 наурыз – 03 сәуір аралығында Петропавл қаласында Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы аясында шахматтан U-13 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында республикалық жарыс өтті.
Жарысқа өңірімізден 5 командадан 20-ға жуық оқушы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының құрама командасы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз және жүлдегер болған командалар диплом, грамота, медаль және кубоктармен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ 🎉👏💐

