🏐 Ұлттық мектеп лигасы — «Ұшқыр доп» республикалық жарысы — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏐 Ұлттық мектеп лигасы — «Ұшқыр доп» республикалық жарысы

Жаналықтар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 10-17 мамыр аралығында Қызылорда қаласындағы №2 ООРМБЖМ базасында Ұлттық мектеп лигасының гандболдан 7-8 сынып ұлдар арасындағы республикалық «Ұшқыр доп» жарысы өтті. 🏆

Аталған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жетісу, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл облыстарынан 170-ке жуық оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. 🤾‍♂️🔥

Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының намысын қорғаған Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің командасы жүлделі 7-орынға ие болды. 👏🏅

Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🇰🇿

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ