📌 Маңғыстау облыстық білім басқармасының Дене тәрбиесі және туризм орталығы мен Маңғыстау облысы Полиция департаменті жанынан құрылған нашақорлыққа қарсы ұйымның ұйымдастыруымен 2026 жылдың 26 мамыры мен 26 маусымы аралығында «Бақытты болашақ — есірткісіз өмірден басталады!» тақырыбында өткізілетін Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес айлығы және Балаларды қорғау күні аясында жағалау аумағында ауқымды спорттық-әлеуметтік шара ұйымдастырылды.
🎯 Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың зиянын түсіндіру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды спорт арқылы тәртіпке, рухани және физикалық дамуға тәрбиелеу.
🏃♂️ Іс-шара барысында қатысушылар Ақтау қаласындағы «I LOVE AKTAU» алаңынан Амфитеатр алаңына дейінгі 3 км шақырымдық жүгіру марафонына қатысты.
🏍️ Жүгірушілер легінің алдында ұйымдастырушылардың туын ұстаған 2 мотоцикл бастап жүрді. Олардың артынан 300 жас спортшы 3 км шақырымдық марафон бағыты бойынша жүгіріп өтті.
📍 Марафон аяқталғаннан кейін Амфитеатр алаңында шараның қорытынды бөлімі өтіп, қатысушыларды Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Риза Сүйіндік Қайырғалиұлы, Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкері, полиция капитаны Зиноллин Ақылбек Алтынбекұлы, МО Киокушинкай-кан каратэ федерациясының құрметті президенті Қожаев Ержан Аманниязұлы және МО Киокушинкай-кан каратэ федерациясының атқарушы директоры Сайлау Бекжан Балтабекұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

