«Жасыл апта» республикалық экологиялық акциясы. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

«Жасыл апта» республикалық экологиялық акциясы.

Жаналықтар

2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту және білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалып-тастыру мақсатында «Жасыл апта» республикалық экологиялық акциясы өтті 🌿

Бұл игі бастама Жамбыл облысынан қабылданып, Маңғыстау өңірінде жалғасын тапты. Акция барысында Ақтау қаласындағы №34 жалпы білім беретін мектептің алғашқы түлектері-мен бірге 15 түп тал отырғызылды 🌱

Ағаш – өмірдің көзі, болашақтың кепілі. Әрбір отырғызылған көшет – ертеңгі таза ауа, саялы көлеңке мен әсем табиғаттың бастауы. Біз тек ағаш егіп қана қоймай, келешек ұрпаққа жасыл әлем сыйлауға үлес қосудамыз 💚

Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Бір адамның отырғызған бір ағашы – үлкен өзгерістің бастауы бола алады.

«Өмірді өзгерткің келсе – өзіңнен баста» демекші, қоршаған ортамызды көркейту өз қолымызда ✨
#жасылклуб
#жасылапта

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ