Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруымен өткен Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гим-назиадасы аясындағы қазақ күресінен республикалық жарыс 2026 жылғы 5–9 мамыр аралығында Шымкент қаласында жоғары деңгейде өтті. 🤼♂️
Додаға Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының командалары қатысып, 80-ге жуық жас спортшы өз бақтарын сынады.
Қыздар арасында:
•60 кг салмақ дәрежесінде Тынымбай Арайлым — ІІІ орын
•48 кг салмақ дәрежесінде Чарджоу Інжу — ІІІ орын
•52 кг салмақ дәрежесінде Асанова Нұрай — қола жүлдегер
Ұлдар арасында:
•50 кг салмақта Дауылбаев Еркінбек — ІІ орын
•90 кг салмақта Жұманазар Едіге — ІІ орын
Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының ұлдар және қыздар құрамасы командалық есепте ІІІ орынды иеленді!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, грамота, диплом және кубоктармен марапатталды.

