«Белсенді туризм» бағыты бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге арналған «Спорттық туризм» тақырыбындағы шеберлік сағат — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

«Белсенді туризм» бағыты бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге арналған «Спорттық туризм» тақырыбындағы шеберлік сағат

Жаналықтар

Ағымдағы жылдың 4 наурыз күні Ақтау қаласы, №13 гимназия базасында «Белсенді туризм» бағыты бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге арналған «Спорттық туризм» тақырыбындағы шеберлік сағат өткізіліп, 35 педагог қамтылды. 🏞️

Іс-шараға білім беру ұйымдарының дене шынықтыру және география пәні мұғалімдері, сондай-ақ туризм-өлкетану үйірмелерінің жетекшілері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. 🤝

Түпқараған ауданы А.М. Горький атындағы мектеп-лицейінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі «Белсенді туризмнің техникасы мен тактикасы» тақырыбында мазмұнды тәжірибелік жұмыс ұйымдастырып, қатысушыларға «Аспалы өткел», «Параллель өткел» туристік кедергілерінен өту жолдары, қауіпсіздік талаптары мен құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану тәсілдері жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. 🧗‍♂️🪢

Шеберлік сағаты барысында теория мен тәжірибе ұштастырылып, қатысушылар өз дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. 📚💪

Іс-шара қорытындысында педагогтер белсенді туризмді дамыту бағытында тың идеялармен танысып, кәсіби біліктіліктерін арттырды. 🌟

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ