«MAMIR CUP» облыстық волейбол жарысында мықтылар анықталды! — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

«MAMIR CUP» облыстық волейбол жарысында мықтылар анықталды!

Жаналықтар
Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы ұйымдастыруымен 2026 жылдың 9–11 мамыр күндері Ақтау қаласы,        13 шағын ауданындағы №17 жалпы білім беретін мектептің спорт залында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай «Мамыр кубогы» облыстық ерлер педагогтері арасындағы волейбол жарысы өтті.
Жарысқа Ақтау және Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарынан 95-ке жуық педагог қатысып, өзара мықтыны анықтады.
🏆 Жарыстың ашылу салтанатында Мұқалаев Жасұлан Өтепбергенұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, жарыстың маңыздылығына тоқталды.
🥇 Жарыс қорытындысы:
•І орын — Мұнайлы ауданы
•ІІ орын — Ақтау қаласы
•ІІІ орын — Қарақия ауданы
🌟 Үздік номинациялар:
•«Үздік ойыншы» — Құрбанбаев Медет
•«Үздік шабуылшы» — Титумбаев Данияр
•«Үздік тосқауылшы» — Изимберген Абылайхан
•«Үздік қорғаушы» — Елемесов Дияс
•«Үздік байланыстырушы» — Егизқараев Қосай
🏅 Жеңімпаз және жүлдегер командалар кубок, диплом, грамота және медальдармен марапатталды.
👏 Барша қатысушыларды құттықтаймыз!
Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ