30 сәуір күні Ақтау қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында 96 білім алушының қатысуымен «суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында ашық онлайн эко-сағат өткізілді.
💧🌱Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға су ресурстарының маңызын терең түсіндіру және суды ұқыпты, үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру болды.
Сабақ барысында қатысушыларға су тапшылығы мәселесі, оның негізгі себептері мен салдары туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, күнделікті өмірде суды үнемдеу-дің қарапайым әрі тиімді жолдары талқыланды:
🚰 кранды босқа ашық қалдырмау
♻️ суды қайта пайдалану
🔧 ақауларды дер кезінде жөндеу
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты. Эко-сағат соңында қатысушылар табиғатты қорғау – әрбір адамның азаматтық борышы екенін түсініп, суды үнемдеуге бағытталған нақты әрекеттер жасауға ынталанды 🌍✨
