🏆ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ХІІІ ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДАСЫНЫҢ СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН U15, U13 ҰЛДАР, ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСЫНДА МАҢҒЫСТАУ КОМАНДАСЫ 2, 3 ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ!!! — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏆ҚАЗАҚСТАН ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ХІІІ ЖАЗҒЫ ГИМНАЗИАДАСЫНЫҢ СПОРТТЫҚ БАҒДАРЛАУДАН U15, U13 ҰЛДАР, ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСЫНДА МАҢҒЫСТАУ КОМАНДАСЫ 2, 3 ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ!!!

Жаналықтар

📍 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасының спорттық бағдарлаудан U15, U13 ұлдар, қыздар арасындағы жарысы 2026 жылдың 15-20 мамыр күндері аралығында Щучинск қаласында өтті.

Жарысқа Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының командаларынан 70-ке жуық оқушы қатысты.

🧭 Спорттық бағдарлау жарысы командалық есепте өтіп, U15, U13 қыздар командасы 2 орын, U15, U13 ұлдар командасы 3 орынға ие болды.

Жекелей сында жеңімпаз атанған, жүлде алған команда мүшелері:

Мұнайлы ауданының оқушылары:

Спринт түрі бойынша қыздар арасында:
13 мектеп-гимназиясының
8 сынып оқушысы Байдулла Сандуғаш – 1 орын;
13 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Асыланбекқызы Айзере – 2 орын;
11 ЖББМ-нің 7 сынып оқушысы Пулат Нұрсая – 3 орын;
10 ЖББМ-нің 6 сынып оқушысы Бердіғали Тоғжан – 3 орын;

Эстафета түрі бойынша қыздар арасында:
10 ЖББМ-нің 6 сынып оқушысы Бердіғали Тоғжан;
5 сынып оқушысы Жаңалхан Айару – 3 орын.

Спринт түрі бойынша ұлдар арасында:
13 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Асан Ағзам – 3 орын.

Сонымен қатар, оқушылар жарыстан тыс бос уақытында Бурабайдың көрікті жерлерін тамашалауға мүмкіндік алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, грамота, диплом және кубок табысталды.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ