Ұлттық мектеп лигасының гандболдан 5–6 сынып қыздар арасындағы «Ұшқыр доп» жарысында Маңғыстау облысы қола жүлде иеленді. 🥉🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасының гандболдан 5–6 сынып қыздар арасындағы «Ұшқыр доп» жарысында Маңғыстау облысы қола жүлде иеленді. 🥉🏆

Жаналықтар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық мектеп лигасының гандболдан 5-6 сынып қыздар арасындағы республикалық «Ұшқыр доп» жарысы 15-22 маусым күндері аралығында Тараз қаласында өтті.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және Алматы, Маңғыстау, Атырау, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстарынан 130-дан астам оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының намысын қорғаған Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ командасы 3 жүлделі орынды иеленді.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ