Ұлттық мектеп лигасының асық ату мен бес асықтан 7–8, 5–6 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасының асық ату мен бес асықтан 7–8, 5–6 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы🏆

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 9–11 ақпан күндері Бейнеу ауданы, Б. Қалиев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында Асық ату мен Бес асықтан 7–8, 5–6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Асық ату және Бес асық жарыстарына Ақтау, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының командалары қатысты.

Бес асық 7–8 сынып қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атн. ЖББМ
🥈🏆 2 орын – Мұнайлы ауданы, №3 ЖББМ
🥉🏆 3 орын – Жаңаөзен қаласы, №11 ЖББМ

Бес асық 5–6 сынып қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Жаңаөзен қаласы, №11 ЖББМ
🥈🏆 2 орын – Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атн. ЖББМ
🥉🏆 3 орын – Мұнайлы ауданы, №14 ЖББМ

Асық ату 7–8 сынып ұлдар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Бейнеу ауданы, М.Бегенов атн. ЖББМ
🥈🏆 2 орын – Қарақия ауданы, Құланды мектебі
🥉🏆 3 орын – Мұнайлы ауданы, №14 ЖББМ

Асық ату 5–6 сынып ұлдар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Қарақия ауданы, Құланды мектебі
🥈🏆 2 орын – Түпқараған ауданы, Шахта мектебі
🥉🏆 3 орын – Ақтау қаласы, “Жайсаң бала — 2” мектеп-гимназиясы

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен, диплом және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ «үздік ойыншы», «жеңіске деген жігері үшін» номинацияларымен марапатталды.

Асық ату, Бес асық жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 💪🔥

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ