Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 02-04 наурыз күндері Жаңаөзен қаласы №18-20 жалпы білім беретін мектеп спорт залдарында волейболдан «Шұбар доп» 7-8 сынып ұлдар, қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауданы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауданы, Қарақия ауданы және Түпқараған аудандарынан 180-ге жуық ұлдар-қыздар коман-далары қатысты. Жарыс топтық жүйеде өтті.
⸻
«Шұбар доп» 7-8 сынып қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Жаңаөзен қаласы, №7 ЖББМ
🥈 2 орын – Ақтау қаласы, №29 мектеп гимназия
🥉 3 орын – Мұнайлы ауданы, №1 ЖББМ
«Шұбар доп» 7-8 сынып ұлдар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Ақтау қаласы, №17 ЖББМ
🥈 2 орын – Мұнайлы ауданы, №5 ЖББМ
🥉 3 орын – Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы ЖББМ
⸻
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен және дипломмен, кубокпен марапатталды. Сондай-ақ «үздік ойыншы», «тосқауылшы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «үздік үйлестіруші» номинацияларымен марапатталды.
Волейболдан «Шұбар доп» 7-8 сынып ұлдар-қыздар жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! ✨

