🏆 Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы өз мәресіне жетті! — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏆 Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасы өз мәресіне жетті!

Жаналықтар

🇰🇿 Қазақстан Республикалық Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында 9–13 наурыз аралығында Респуб-ликалық «Алтын сақа» олимпиадасы шеңберінде асық ату, бес асық жарыстары өтті.

🤝 Жарысқа Астана, Алматы қалаларының, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Жетісу облыстарының командалары қатысты.

🎯 Асық ату және бес асық жарыстары 9–10–11 сыныптар арасында жекелей сында өтті.

🥇 Асық ату жарысында 10 сыныптар арасында Қарақия ауданы, Құланды жалпы білім беретін мектептің 10 «А» сынып оқушысы Максудов Қайрат жеңімпаз атанды.

🥇 Бес асық жарысында Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 «Б» сынып оқушысы Меделбаева Кәусар алтыннан алқа тақты.

🏅 Жеңімпаздар медаль, дипломмен марапатталды.

🏆 Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте, асық ату және бес асық жарыстары бойынша Маңғыстау командалары 3 орынға ие болып, кубок және дипломмен марапатталды.
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ