🏀 Ұлттық мектеп лигасының баскетболдан «Алтын доп» 5–6 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏀 Ұлттық мектеп лигасының баскетболдан «Алтын доп» 5–6 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы.

Жаналықтар

📍 Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 19-21 наурыз күндері Мұнайлы ауданы №6 жалпы білім беретін мектеп спорт залы, №13 мектеп-гимназия залдарында баскетболдан «Алтын доп» 5-6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

👥 Жарысқа Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауданы, Мұнайлы ауданы, Қарақия аудандарынан 120-ға жуық ұлдар-қыздар оқушылары қатысты.
🏆 Жарыс айналмалы жүйеде өтті.

🏀 «Алтын доп» 5-6 сынып қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын — Мұнайлы ауданы, №11 ЖББМ
🥈 2 орын — Жаңаөзен қаласы, №22 ЖББМ
🥉 3 орын — Ақтау қаласы ЖББМ

🏀 «Алтын доп» 7-8 сынып ұлдар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын — Жаңаөзен қаласы №9 ЖББМ
🥈 2 орын — Қарақия ауданы №1 ЖББМ
🥉 3 орын — Бейнеу ауданы, Үстірт жалпы білім беретін мектептері иеленді

🎖 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен, дипломмен және кубокпен марапатталды.
✨ Сондай-ақ «үздік ойыншы», «үздік сұрмерген», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «Жеңіске деген жігері үшін» номинацияларымен марапатталды.

🚀 Баскетболдан «Алтын доп» 5-6 сынып ұлдар-қыздар жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз!
#nauryznama2026
#ҰлыДалаНаурызы

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ