Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының ұйымдастыруымен 2–11 сынып ұлдар, қыздар арасындағы тоғызқұмалақ-тан республикалық олимпиаданың облыстық іріктеу жарысы Мұнайлы ауданы, №17 жалпы білім беретін мектептің акт залында 10–12 сәуір күндері өтті. ♟️
Тоғызқұмалақтан облыстық іріктеу олимпиадасына Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы аудандарынан 50 оқушы қатысты. 👥
Олимпиада жарысы жекелей сында өтіп, жеңімпаз және жүлдегерлерге медаль, грамота табысталды. Сондай-ақ, 2–4, 5–6, 7–8, 9–11 сыныптардан үздік ойыншылар арнайы статуэтка-мен марапатталды. 🏅
Жарыс қорытындысы бойынша Щучинск қаласында өтетін Республикалық олимпиадада Маңғыстау облысының намысын қорғайтын оқушылар анықталып, жолдама алды. 📊
Облысымыздың құрама командасына республикалық олимпиадада сәттілік тілейміз! 🇰🇿

