Қазақстан оқушыларының XIII жазғы гимназиадасы аясында өткен волейболдан қыздар арасындағы республикалық жарыста Маңғыстау облысының құрама командасы жүлделі II орынға ие болды.
2026 жылдың 18–26 сәуір аралығында Щучинск қаласында өткен U-17 бағдарламасындағы тартысты бәсекеде аруларымыз жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Бұл жетістік – спортшылардың табандылығы мен жаттықтырушылар еңбегінің жемісі.
👏 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда толағай табыстар тілейміз!

