Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 27 сәуір – 1 мамыр аралығында Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицей базасында 2–11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан республикалық олимпиада өтті.
Аталған олимпиадаға Маңғыстау облысы, Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарынан 3 командадан, барлығы 70-ке жуық оқушы қатысты.
Олимпиада жарыстары ұлдар мен қыздар арасында бөлек, командалық жүйе бойынша ұйымдастырылды.
🥈 Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының қыздар командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Команда құрамында: Новрузбай Фарида, Алтыбай Ұлжан, Сарсенбаева Айдана, Палтабай Ұлдай, Амангелді Әмина.
🏅 Сонымен қатар, жалпыкомандалық есепте Маңғыстау облысының құрамасы ІІ орын иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және командалық кубоктармен марапатталды.Олимпиада барысында қатысушылар бос уақыттарында Бурабайдың көрікті жерлерін тамашалап, тарихи-танымдық орындармен танысуға мүмкіндік алды.

