Маңғыстау оқушыларының XIII жазғы гимназиадасы волейболдан U-15 ж.т. ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы 🏐 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Маңғыстау оқушыларының XIII жазғы гимназиадасы волейболдан U-15 ж.т. ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы 🏐

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 19–21 ақпан күндері Жаңаөзен қаласы №18–21 жалпы білім беретін мектеп спорт залдарында Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы волейболдан ұлдар, қыздар арасындағы облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы, Бейнеу ауданы және Қарақия аудандарынан 110-ға жуық ұлдар-қыздар командалары қатысты. Жарыс айналмалы жүйеде өтті.

U-15 ұлдар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы

U-15 қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇🏆 1 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥈🏆 2 орын – Ақтау қаласы құрама командасы
🥉🏆 3 орын – Мұнайлы ауданы құрама командасы

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамота, үздік номинация статуэтка және дипломмен, кубокпен марапатталды.

Жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 💪🔥

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ