Ұлттық мектеп лигасының футзалдан «Теңбіл доп» 9-11 сынып ұлдар арасындағы облыстық жарысы өз мәресіне жетті. Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен 2026 жылдың 12–14 ақпан аралығында Ақтау қаласы «Жас қанат» спорт кешені спорт залында футзалдан «Теңбіл доп» 9–11 сынып ұлдар арасындағы облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа Ақтау, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған, Бейнеу аудандарының командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇🏆 I орын – Қарақия ауданы №4 ЖББМ
🥈🏆 II орын – Ақтау қаласы №20 ЖББМ
🥉🏆 III орын – Мұнайлы ауданы №8 ЖББМ
Жарыс жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға ұйымдастырушылар атынан кубок, медаль, диплом, грамотамен марапатталды.
Сонымен қатар, үздік ойыншысы, үздік мерген, үздік қақпашы, үздік қорғаушы және жеңіске деген жігерлігі үшін номинациялар бойынша статуэткамен марапатталды.
Республикалық кезеңге жолдама алған Қарақия ауданы №4 ЖББМ командасына сәттілік тілейміз! 💪🔥

