Ұлттық мектеп лигасының шахматтан «Ақбозат» 5–6, 7–8, 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы♟️🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасының шахматтан «Ақбозат» 5–6, 7–8, 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы♟️🏆

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 09–11 ақпан күндері Жаңаөзен қаласы №24 мектеп-лицей спорт залы базасында шахматтан «Ақбозат» 5–6, 7–8, 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа Ақтау қаласы, Ақтау қаласы НИШ зияткерлік мектебі, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауданы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауданы, Қарақия ауданынан 72-ге жуық ұлдар-қыздар командалары қатысты. Жарыс айналмалы жүйеде өтті.

«Ақбозат» 5–6 сынып ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:

🥇🏆 1 орын – 1. Ақтау қаласы «ІТ лицейі»
🥈🏆 2 орын – 2. Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейі
🥉🏆 3 орын – 3. Маңғыстау ауданы, М.Атымов атындағы №6 ЖББМ

«Ақбозат» 7–8 сынып ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:

🥇🏆 1 орын – 1. Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі
🥈🏆 2 орын – 2. Маңғыстау ауданы, М.Атымов атындағы №6 ЖББМ
🥉🏆 3 орын – 3. Ақтау қаласы, НИШ зияткерлік мектебі

«Ақбозат» 9–11 сынып ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:

🥇🏆 1 орын – 1. Ақтау қаласы «ІТ лицейі»
🥈🏆 2 орын – 2. Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейі
🥉🏆 3 орын – 3. Бейнеу ауданы, Абай ЖББМ

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен, диплом және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ «үздік ойыншы» ұлдар-қыздар номинацияларымен марапатталды.

Шахматтан «Ақбозат» 5–6, 7–8, 9–11 сынып ұлдар-қыздар жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! ♟️🔥

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ