Ұлттық мектеп лигасының волейболдан «Шұбар доп» 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы 🏐🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасының волейболдан «Шұбар доп» 9–11 сынып ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарысы 🏐🏆

Жаналықтар

 

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 05–07 ақпан күндері Жаңаөзен қаласы №18–20 жалпы білім беретін мектеп спорт залдарында волейболдан «Шұбар доп» 9–11 сынып ұлдар, қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Жарысқа Ақтау қаласы, Ақтау қаласы НИШ зияткерлік мектебі, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу ауданы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауданы, Қарақия ауданы және Түпқараған аудандарынан 180-ге жуық ұлдар-қыздар командалары қатысты. Жарыс топтық жүйеде өтті.

«Шұбар доп» 9–11 сынып қыздар жарысы бойынша орындар:

🥇 1 орын – 1. Мұнайлы ауданы, №6 ЖББМ
🥈 2 орын – 2. Ақтау қаласы, №20 ЖББМ
🥉 3 орын – 3. Жаңаөзен қаласы, №18 ЖББМ

«Шұбар доп» 9–11 сынып ұлдар жарысы бойынша орындар:

🥇 1 орын – 1. Ақтау қаласы, №5 ЖББМ
🥈 2 орын – 2. Мұнайлы ауданы, №5 ЖББМ
🥉 3 орын – 3. Бейнеу ауданы, Күйкен ЖББМ

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамоталармен, диплом және кубокпен марапатталды. Сондай-ақ «үздік ойыншы», «тосқауылшы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «үздік үйлестіруші» номинацияларымен марапатталды.

Волейболдан «Шұбар доп» 9–11 сынып ұлдар-қыздар жарыстары бойынша жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 💪🔥

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ