Ұлттық мектеп лигасы: Маңғыстау командасы жүлделі орынға ие болды. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасы: Маңғыстау командасы жүлделі орынға ие болды.

Жаналықтар

2026 жылдың 08-12 сәуір аралығында Астана қаласында республикалық ұлттық мектеп лигасы аясында 9-11 сынып ұлдар, қыздар арасындағы асық ату және бес асық жарыстары өтті. Жарысқа асық атудан 18 команда, бес асықтан 17 команда қатысып, 100-ден астам оқушы бақ сынады. Маңғыстау облысының намысын екі команда қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Асық атудан Қарақия ауданы, Құланды мектеп командасы жүлделі 2 орын иеленді. Бес асықтан Қарақия ауданы, З.Бекарыстанұлы атындағы №3 мектеп командасы жарыс қортындысы бойынша 7-ші орынға тұрақтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталды.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ