🏓🔥 Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы 🔥🏓 үстел теннисінен U-17, U-15, U-13 ж.т. ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарыс. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏓🔥 Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы 🔥🏓 үстел теннисінен U-17, U-15, U-13 ж.т. ұлдар-қыздар арасындағы облыстық жарыс.

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен, 2026 жылдың 25-27 ақпан күндері Ақтау қаласы №17 ш/а Сұңқар спорт залында Үстел теннисінен Маңғыстау оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы ұлдар, қыздар арасындағы облыстық кезеңі өтті. 🏆

Жарысқа Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы, Бейнеу ауданы, Қарақия аудандарынан 45-ке жуық ұлдар-қыздар оқушылары қатысты. Жарыс айналмалы жүйеде өтті.

📊 Жарыс қорытындысы бойынша:

🏓 U-17 ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥈 2 орын – Бейнеу ауданы құрама командасы
🥉 3 орын – Ақтау қаласы құрама командасы

🏓 U-15 ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥈 2 орын – Қарақия ауданы құрама командасы
🥉 3 орын – Ақтау қаласы құрама командасы

🏓 U-13 ұлдар-қыздар жарысы бойынша орындар:
🥇 1 орын – Жаңаөзен қаласы құрама командасы
🥈 2 орын – Бейнеу ауданы құрама командасы
🥉 3 орын – Қарақия ауданы құрама командасы

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар медаль, грамота, үздік номинация статуэткасы және дипломмен, кубокпен марапатталды.

🎉 Жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз! 💪🇰🇿

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ