🌿 «Табиғатты аяла» облыстық онлайн форумы — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🌿 «Табиғатты аяла» облыстық онлайн форумы

Жаналықтар

2026 жылдың 11–12 наурыз күндері білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту мақсатында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық онлайн форумы өткізілді. 🌍

Форумға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары 12–17 жас аралығындағы 57 білім алушы қатысты. Іс-шара білім алушылардың зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға, экологиялық жобаларды дамытуға және педагогтермен тәжірибе алмасуға бағытталды.

🏆 Қазылар алқасының шешімімен білім алушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:

🌱 «Жасыл идея» номинациясы – зерттеу жобасы:

♻️ а) табиғи ресурстарды үнемдеуге, қалдықтарды азайтуға, экологиялық ластану деңгейін төмендетуге және табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қоршаған ортаны қорғауға бағытталған технологиялар бағыты бойынша:

🥇 I орын – Бейнеу ауданы, Қарақұм жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Избанов Дамир;
🥈 II орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 10 сынып оқушысы Исмагұл Шәкәрім мен Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қосымбаева Аянат;
🥉 III орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейі 8 сынып оқушысы Дусен Анеля.

🌿 б) болашаққа көзқарас – экологиялық білім беру жобалары, жасыл клуб, жасыл мектеп, волонтерлік жобалар және қоғамдық ұйымдардың іс-шаралары бағыты бойынша:

🥇 I орын – Қарақия ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Ибрахим Алия;
🥈 II орын – Ақтау қаласы, Т. Әшімбаев атындағы №11 лицейінің 10 сынып оқушысы Сейтжанқызы Салтанат пен Мұнайлы ауданы, №19 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Авелваева Аяулым;
🥉 III орын – Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Сатай Сәулет пен Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Ермекбай Айзере.

в) Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар 🌱
Тұрақты бизнесті дамыту, экологиялық таза технологиялар мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған бастамалар бағыты бойынша:

🥇 I орын – Ақтау қаласы, №32 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Асхатқызы Назым.

🥈 II орын – Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Айберген Гүлжанат пен Маңғыстау ауданы Е. Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Исатай Меруерт.

🥉 III орын – Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Мұхаммедин Жанеркем мен Мұнайлы ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Аманбай Аружан.

🎭 «Жасыл сахна» номинациясы:

🥇 I орын – Маңғыстау ауданы, С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатының «Ekolife» тобы.

🥈 II орын – Жаңаөзен қаласы, №9 жалпы білім беретін мектебінің «Табиғат сақшылары» тобы мен Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының «Шамшырақ» тобы.

🥉 III орын – Қарақия ауданы, №7 жалпы білім беретін мектебінің «Гүлдер» тобы.

🎥 «Экоблогер» әлеуметтік бейнематериал номинациясы:

🥇 I орын – Мұнайлы ауданы, №8 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Ержанова Ләззәт.

🥈 II орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 7 сынып оқушысы Құралбай Нұрай пен Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Дусен Дария.

🥉 III орын – Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Оразбай Нұртас пен Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Бейбітқызы Сағыныш.

♻️ «EcoCraft – экологиялық қолөнер» номинациясы:

🥇 I орын – Ақтау қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Жәнібекқызы Гүлнәзік.

🥈 II орын – Жаңаөзен қаласы, №20 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Атамурад Сындар пен Маңғыстау ауданы, Е. Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Қажым Айзере.

🥉 III орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Плехан Гулбаршын пен Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Серказиев Алихан.

🏆 Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

🌍 Форум қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алды.

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ