2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту және білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалып-тастыру мақсатында «Жасыл апта» республикалық экологиялық акциясы өтті 🌿
Бұл игі бастама Жамбыл облысынан қабылданып, Маңғыстау өңірінде жалғасын тапты. Акция барысында Ақтау қаласындағы №34 жалпы білім беретін мектептің алғашқы түлектері-мен бірге 15 түп тал отырғызылды 🌱
Ағаш – өмірдің көзі, болашақтың кепілі. Әрбір отырғызылған көшет – ертеңгі таза ауа, саялы көлеңке мен әсем табиғаттың бастауы. Біз тек ағаш егіп қана қоймай, келешек ұрпаққа жасыл әлем сыйлауға үлес қосудамыз 💚
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Бір адамның отырғызған бір ағашы – үлкен өзгерістің бастауы бола алады.
«Өмірді өзгерткің келсе – өзіңнен баста» демекші, қоршаған ортамызды көркейту өз қолымызда ✨
#жасылклуб
#жасылапта




