Ұлттық мектеп лигасының футболдан «Былғары доп» 7–8 сынып қыздар арасындағы облыстық жарысы 🏆 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Ұлттық мектеп лигасының футболдан «Былғары доп» 7–8 сынып қыздар арасындағы облыстық жарысы 🏆

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының» ұйымдастыруымен 2026 жылдың 14–16 сәуір күндері Ақтау қаласындағы №35 жалпы білім беретін мектептің жасыл алаңында футболдан «Былғары доп» 7–8 сынып қыздар арасындағы Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі жоғары деңгейде өтті. ⚽

Жарысқа Ақтау және Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Қарақия аудандарынан 56-ға жуық жас спортшы қыз қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. 👥

Тартысқа толы бәсеке қорытындысы бойынша:
🥇 1 орын — Ақтау қаласы, М.Әуезов атындағы №20 ЖББМ
🥈 2 орын — Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы С.Бегендікұлы атындағы №4 ЖББМ
🥉 3 орын — Қарақия ауданы №4 ЖББМ

Жарыс нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер командалар медаль, грамоталар және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар «үздік ойыншы», «үздік қақпашы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы», «жеңіске деген жігері үшін» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. 🏅

Футболдан «Былғары доп» 7–8 сынып қыздар жарысының жеңімпаздарына алдағы республикалық додада сәттілік тілейміз! 🇰🇿

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ