📌 2026 жылдың сәуір айында аудан мен қала аумағында «Заң және тәртіп» аясында ағаш егу акциясы мен сенбілік ұйымдастырылды.
🎯 Акцияның мақсаты – тұрғындарды табиғатты қорғауға тарту, қоршаған ортаны көркейту және экологиялық мәдениетті арттыру.
📊Акцияға әртүрлі мектептер мен ұйымдардың өкілдері қатысып, ағаш отырғызып, аумақты жинақтап, жақсы нәтиже көрсетті.
🔹 Жаңаөзен қаласынан 22 мектеп бойынша 6121 оқушы қатысып, 501 түп тал егілді;
🔹 Қарақия ауданынан 14 мектеп бойынша 738 оқушы және 167 мұғалім қатысып, 358 түп қара тал, 165 гүл, 130 бирючина және 43 жеміс ағашы егілді;
🔹 Мұнайлы ауданынан 22 мектеп бойынша 1370 оқушы қатысып, 860 түп тал егілді.
👏 Барлық қатысушылар өте белсенді болды, әрбір ағаш пен әрбір тазалық ісі – біздің жерімізді көркейтуге қосқан үлесіміз. «Жаңарған Жер» акциясы – табиғатты қорғаудың және бірліктің керемет мысалы!

