Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 27 сәуір – 1 мамыр аралығында Астана қаласында 2–11 сынып оқушылары (ұлдар мен қыздар) арасында шахматтан республикалық олимпиада жоғары деңгейде өтті.
Елдің түкпір-түкпірінен жиналған 50-ге жуық оқушы қатысқан тартысты додада Маңғыстау облысының құрама командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
♟ Бұл жетістік – команданың табандылығы мен бірлігінің, сондай-ақ жүйелі дайындықтың нәтижесі.
Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және дипломдармен марапатталды.
🎉 Маңғыстау құрамасын шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

