🏆 Маңғыстау – гимназиада чемпионы! — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏆 Маңғыстау – гимназиада чемпионы!

Жаналықтар

Киокушин-кан каратэден U-15 XIII Жазғы Қазақстан оқушыларының гимназиадасында Маңғыстау облысының құрама командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел мерейін асқақтатты.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 1–4 мамыр күндері Астана қаласында өткен республи-калық жарысқа еліміздің әр өңірінен және Астана қаласынан 400-ге жуық жас спортшы қатысты.

Осындай тартысты додада Маңғыстау құрамасы өз шеберлігі мен қайсарлығын дәлелдеп, командалық есепте І орынды жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы:
U-15 жалпы есеп – 1 орын 🏆

Жас ерекшеліктері бойынша:
U13–14 қыздар – 2 орын 🥈
U11–12 қыздар – 3 орын 🥉

Жалпы медаль көрсеткіші:
6 алтын, 8 күміс, 6 қола.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, грамоталармен және дипломдармен марапатталды 🎖️

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ