♻️ Білім беру ұйымдарының «Birge-Taza Qazaqstan» облыстық акциясы — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

♻️ Білім беру ұйымдарының «Birge-Taza Qazaqstan» облыстық акциясы

Жаналықтар

📌 2026 жылдың 5 мамыр күні қашықтық форматта «BIRGE-TAZA QAZAQSTAN» облыстық акциясы өткізілді.

🎯 Акцияның мақсаты – қоршаған ортаның экологиялық маңыздылығын арттыру, табиғатты қорғауға баулу, білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және таза орта қалыптастыру.

Акцияға облыстың балабақша, мектеп және колледж білім беру ұйымдары қатысып, экологиялық бағыттағы өз жұмыстарын ұсынды. 🌱

☘️ Акция 3 бағыт бойынша өтті:
👶 Жасыл балабақша;
🏫 Жасыл мектеп;
🎓 Жасыл колледж.

📸 Қатысушылар өз жұмыстарын фото, бейнеролик және презентация форматында ұсынып, олардың мазмұны, креативтілігі және практикалық маңыздылығы бойынша бағаланды.

🏆 Қазылар алқасының шешімімен үздік білім беру ұйымдары анықталып, жеңімпаздар марапатталды.

🌟«Жасыл балабақша» бағыты:
🥇I орын – Бейнеу ауданы, «Бейнеу» бөбекжайы;
🥈II орын – Қарақия ауданы, «Құлыншақ» бөбекжайы.
🌟 «Жасыл мектеп» бағыты
🥇I орын – Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектебі;
🥈II орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясы мен Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі;
🥉III орын – Мұнайлы ауданы, №20 жалпы білім беретін мектебі мен Қарақия ауданы, №7 жалпы білім беретін мектебі және Түпқараған ауданы, М. Горький атындағы мектеп-лицейі.
🌟 «Жасыл колледж» бағыты:
🥉III орын – Ақтау қаласы, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі.

🎊 Қатысушыларға жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🌿

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ