Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17-20 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Ұлттық мектеп лигасының тоғызқұмалақтан 7-8 сынып ұлдар, қыздар арасындағы республикалық жарысы өтті.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Алматы, Қостанай, Қызылорда, СҚО, БҚО, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарынан 68 оқушы қатысты. 👏
Ұлттық мектеп лигасының республикалық тоғызқұмалақ жарысында Маңғыстау облысының намысын қорғаған Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ командасы 7 орынға тұрақтады. 💪
Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен биік белестер тілейміз! 🌟🏆🇰🇿

