🏆 Ұлттық мектеп лигасының асық ату, бес асықтан 5–6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы республикалық жарысы! — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏆 Ұлттық мектеп лигасының асық ату, бес асықтан 5–6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы республикалық жарысы!

Жаналықтар

🏆 Ұлттық мектеп лигасының асық ату, бес асықтан 5–6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы республикалық жарысы өз мәресіне жетті! Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 23–27 маусым аралығында Тараз қаласында Ұлттық мектеп лигасының асық ату, бес асық-тан 5–6 сынып ұлдар, қыздар арасындағы республикалық жарысы өтті.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Қостанай, Қызылорда, СҚО, Жетісу, Атырау, Түркістан, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл облыстарынан 80-ге жуық оқушы қатысты.

Ұлттық мектеп лигасының республикалық асық ату жарысында Маңғыстау облысының намысын қорғаған Қарақия ауданы, Құланды жалпы білім беретін мектебінің командасы 11 орын-ға тұрақтады.

Бес асық бойынша облысымыздың намысын қорғаған Жаңаөзен қаласы, №11 ЖББМ командасы 4 орынға тұрақтады. 👏

Жарысқа қатысқан барлық оқушылар мен жаттықтырушыларды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ