Республикалық «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі. — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Республикалық «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі.

Жаналықтар

Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Мұнайлы ауданы, Батыр ауылындағы саябақта республикалық «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтті.Аталған игі бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды көздеді.

Челленджге Мұнайлы ауданы білім бөлімінің №10, №15, №19, №20 білім беру ұйымдарының мектеп бітіруші түлектері, сондай-ақ Бейнеу ауданы бойынша Қарақұм жалпы білім беретін мектебі мен Бейнеу жалпы білім беретін мектебінің оқушылары белсене қатысты. Олар өз кезегінде бұл эстафетаны ауданның басқа да білім беру ұйымдарына жолдады.

Іс-шара барысында түлектер саябақ аумағына барлығы 150 тал ағаш, атап айтқанда шырша, қара ағаш, арша, өрік, қара тал көшеттерін отырғызып, туған жердің көркеюіне, көгалдануына және экологиялық тепе-теңдіктің сақталуына өз үлестерін қосты.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар ерекше белсенділік танытты.
#маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ