Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттерінің республикалық спартакиадасы аясындағы Ұлттық спорт лигасының Волейбол (ұлдар), Үстел теннисі (ұлдар-қыздар) студенттері және жаттықтырушыларымен сәт сапар тілеу жиыны өтті. 🏐🏓 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттерінің республикалық спартакиадасы аясындағы Ұлттық спорт лигасының Волейбол (ұлдар), Үстел теннисі (ұлдар-қыздар) студенттері және жаттықтырушыларымен сәт сапар тілеу жиыны өтті. 🏐🏓

Жаналықтар

Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау облыстық дене тәрбиесі және туризм орталығының директоры Ж.Мұқалаевтың ұйымдастырумен 2026 жылдың 27 ақпан күні Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттерінің республикалық спартакиадасы аясындағы Ұлттық спорт лигасының Волейбол (ұлдар), Үстел теннисі (ұлдар-қыздар) студенттері және жаттықтырушыларымен сәт сапар тілеу жиыны өтті. 🏐🏓

Республикалық кезеңде өнер көрсететін спортшыларға сенім артатынын және облысымызың намысын қорғайтын студенттерімізге сәттілік тілеп, ақ жол тіледі. ✨

Айта кетсек ағымдағы жылдың 03-11 сәуір аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдарының студенттері арасында республикалық волейбол (ұлдар), үстел теннисі (ұлдар-қыздар) жарыстарына қатысатын М.Жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі студенттері қатысады.

Облысымыздың намысын қорғайтын спортшыларға алдағы болатын үлкен додада топ жаруына тілектеспіз! 💪🔥🇰🇿

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ