Байқаудың мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, құстар әлемі туралы білімдерін тереңдету және экологиялық мәдениетін дамыту болды.
Байқауға облыстың әр аудан, қалаларынан 13–14 жас аралығындағы үздік оқушылар қатысып, өз шығармашылық қабілеттері мен зерттеушілік дағдыларын көрсетті.
Қатысушылар «Қанатты жерлес» сурет, «Жылы ұя» және «Құстар қанат қағады» ғылыми жоба номинациялары бойынша бақ сынап, табиғатқа қамқорлық жасауға және қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылықтарын танытты. 🌱
🏆 Қазылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша қатысушылар төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
🎨 «Қанатты жерлес» сурет номинациясы:
🥇 I орын – Мұнайлы ауданы, №1 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Утебаева Арайлым;
🥈 II орын – Қарақия ауданы, №1 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Таубай Мадина және Түпқараған ауданы, С. Шапағатов атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Мусаева Мекке;
🥉 III орын – Жаңаөзен қаласы, №1 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Айшуаққызы Іңкәр, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Аманжолов Саят және Ақтау қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп — интернатының 9 сынып оқушысы Мухамбет Арайлым.
🔬 «Құстар қанат қағады» ғылыми жоба номинациясы:
🥇 I орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Әбілхайырқызы Муслима;
🥈 II орын – Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Өсербай Аяла және Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Айладир Амина;
🥉 III орын – Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Қалбай Марал, Маңғыстау ауданы, С. Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрмұханбет Дина және Ақтау қаласы, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп — интернатының 7 сынып оқушысы Қадырбай Абай.
🏠 «Жылы ұя» номинациясы:
🥇 I орын – Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Samgau Nest» тобы;
🥈 II орын – Ақтау қаласы, №35 жалпы білім беретін мектебінің «Аспан сақшылары» тобы және Түпқараған ауданы, С. Шапағатов атындағы мектеп-гимназиясының «Ұшар бастау» тобы;
🥉 III орын – Жаңаөзен қаласы, Қ. Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектебінің «Қашаған жастары» тобы, Қарақия ауданы, Қарақұдық мектебінің «Қорған» тобы және Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің «Жылы ұя сақшылары» тобы.
🎉 Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

