🏆 Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы баскетбол 3×3 (U-17, U-13) ж.т. ұлдар-қыздар арасындағы республикалық жарысында Маңғыстау оқушылары жеңімпаз атанды💐💐💐 — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏆 Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы баскетбол 3×3 (U-17, U-13) ж.т. ұлдар-қыздар арасындағы республикалық жарысында Маңғыстау оқушылары жеңімпаз атанды💐💐💐

Жаналықтар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған Қазақстан оқушыларының ХІІІ жазғы гимназиадасы аясында 2026 жылдың 26–30 сәуір күндері Щучинск қаласында баскетболдан 3×3 форматында U-17 және U-13 жас ерекшеліктері бойынша ұлдар мен қыздар арасында республикалық жарыс өтті.

Бұл байрақты бәсекеде Маңғыстау облысының намысын қорғаған 12 команда құрамындағы 48-ге жуық оқушы өздерінің шеберліктерін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша:
U-17 ұлдар командасы І орын 🥇
U-17 қыздар командасы ІІ орын 🥈
U-13 ұлдар командасы І орын 🥇
U-13 қыздар командасы І орын 🥇

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, грамоталармен, медальдармен және кубоктармен лайықты түрде марапатталды.

Маңғыстау өңірінің жас спортшыларын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!💐

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ