🏕️ Педагогтер арасындағы «West Tourism» облыстық туристік жарысы — «МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

🏕️ Педагогтер арасындағы «West Tourism» облыстық туристік жарысы

Рубрикасыз

📌 2026 жылдың 13-14 мамыр күндер аралығында Түпқараған ауданы, Таушық ауылының саябағында педагогтер арасындағы «WEST TOURISM» облыстық туристік жарысы өткізілді.

🎯 Жарыстың мақсаты – білім беру ұйымдары мамандарының туристік шеберлігін жетілдіру, тәжірибе алмасу мен кәсіби дамуды қамтамасыз ету, физикалық белсенділікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және көшбасшылық, ұйымдастырушылық, командада жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Жарысқа облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады. 🌿

☘️ Жарыс 4 негізгі кезең бойынша өтеді:
🏕️ «Бивуак»;
🧗 «Кросс-туризм»;
🧭 «Бағдарлау»;
⛰️ «Антимаятник».

✨ Қосымша кезеңдер:
🧗Жумаринг;
⚽ Футбол;
🏹 Садақ ату;
🪀 Ләнгі;
🎯 Асық ату.

🏆 Жарыс жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

🥇 І орын — Бейнеу ауданы, Опорный, Қарақұм ЖББМ «Отпан» тобы;

🥈 ІІ орын — Түпқараған ауданы, А.М. Горький атындағы мектеп-лицейінің «Көк бөрі» тобы және Түпқараған ауданы, Шахта ЖББМ «Көк бөрі» тобы;

🥉 ІІІ орын — Ақтау қаласы, Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің «Бүркіт» тобы, Қарақия ауданы, №4 ЖББМ «Хан тәңірі» тобы және Түпқараған ауданы, Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің «Ақкетік»тобы.

🌟 Туризм — бірлік пен шыдамдылықтың, көшбасшылық пен белсенді өмір салтының айқын көрінісі.

🎊 Қатысушыларға жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🌿

Достармен бөлісу
«МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ» КММ